Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәселен, 15 тонна жүк багажын Қазақстан аумағында 1000 шақырымға дейінгі қашықтыққа тасымалдау құны жеңілдіксіз - 807 227 теңгені құраған болса, жеңілдікпен - 398 232 теңгені құрайтын болады.
Икемді тарифтік саясат жүк тасымалының тиімділігін арттыру және оған қызығушылық таныту мақсатында іске асырылып отыр.
Жүк тасымалы жүктерді теміржол көлігі арқылы тасымалдаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Негізгі артықшылықтар - көрсетілетін қызмет түрінің бағасы мен сапасындағы арақатынастың тиімділігі, жылдам жеткізу, қауіпсіздік, қызмет көрсету ауқымының кеңдігі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның инфрақұрылымы дамыған және бағыттар жүйесі нақтыланған. Жүк тасымалы жолаушылар пойыздары арқылы жүзеге асырылады. Вагондардың жүк көтерімділігі - 20 тонна. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 32 жүк вагоны 15 бағыт бойынша қатынайды.