2013 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014-2015 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін енгізуді бастағанға дейін «Гранд» (СВ) және «Бизнес» (купе) тобы вагондарында жеңілдіктер енгізуде: №19/20 «Атырау-Астана», №63/64 «Астана-Семей», №77/78 «Алматы-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана» пойыздарындағы демалыс күндердегі жол ақысы (мереке қарсаңындағы және мереке күндерінен басқа уақытта) жұмыс күндеріндегі тариф деңгейімен бірдей болады.
«Гранд» (СВ) деңгейіндегі «Тұлпар-Тальго» вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ кабинасымен жабдықталған 5 екі орындық купе бар. «Бизнес» (жеке санитарлық желілері жоқ екі орынды) деңгейіндегі вагондарда, сондай-ақ, «Гранд» вагондардағыдай жолаушыларға қолайлы болу үшін креслолардың шынтақшаларына қайырмалы үстелшелер орнатылады. Әр купе пойыз жолсерігімен байланысуға арналған телефонмен жабдықталған.