Кеңесте көлікті бақылау органдарының тексерісі барысында анықталған компания тарапынан жіберілген бұзушылықтар туралы айтылды.
Оның ішінде ескертулер жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына, вагондардағы температуралық режимнің сақталмауына, жолсеріктердің кәсіптік талаптарға сәйкессіздігіне және теміржол көлігінің техникалық пайдалану қағидасын бұзуға қатысты болды.
«Сонымен бірге, «Жолаушылар тасымалы» АҚ инспекторлық құрамы жұмысының тиімсіздігі де тілге тиек етілді. Бұл жайында жолаушыларды билетсіз жаппай тасудың көптеген оқиғалары болғандығы дәлел. Биыл компанияның жолаушылар пойыздарында осындай 107 оқиға анықталған. Мұнымен қоса, 2013 жылы 19 сапасыз жөндеу мен жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету (құбыр ақаулары, вагондарда дөңгелек жұбының бұзылуы) болғаны жөнінде айтылды», делінген министрліктің таратқан мәліметінде.
Бұдан тыс, жыл басынан өрт қауіпі туралы белгі беру құрылғыларының салдарынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ №351/352 «Алматы-Защита» және 375/376 «Астана-Лениногорск» жолаушылар пойыздарының құрамындағы 35 жолаушылар вагонының пайдаланылуы тоқтатылды.
Кездесу қорытындылары бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на инспекторлық аппараттың тиімділік жүйесін енгізу, сапарға жолаушылар вагондары құрамын рейске әзірлеуге бақылауды күшейту, сонымен қатар билетсіз жолаушыларды тасымалдауды болдырмау және бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты шараларды қолдану ұсынылды.