«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Басқарманың шешімімен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ақболат Ландышұлы Жағыпаров сайланды.
10:27, 30 Наурыз 2010
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында кадрлық тағайындау жасалды
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының шешімімен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Байдалы Нұртайұлы Дәрімбетовтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.