«2016 жылы «Атырау-Маңғышлақ» бағытындағы пойызда келе жатқан азамат А. вагондардың арасымен өте бере, тамбурдың есігін жаппақ болған. Соққыдан тамбур есігінің терезесі ұсақтала сынып, олардың бірі жолаушының оң көзіне тиген. Алған жарақаты салдарынан азамат А. үшінші топтағы мүгедек болып қалды, оң көзі көрмейді», - делінген Астана қалалық сотының ресми сайтында.
Есіл аудандық сотының шешімімен «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушының пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттелді.
Үкім заңды күшіне енді.