Жолаушылар ұшағы Алматы халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды

АСТАНА. Қыркүйектің  25-і.  ҚазАқпарат -  Бейсенбі күні   кешкі сағат 8-дерде   Алматы  халықаралық  әуежайына     «Эйр Астана»  компаниясының  А-321   ұшағы апатты жағдайда  қонды.

Алматы-Астана бағытындағы    ұшақтың  бортында  159 жолаушы болған,    деп  хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

 Ведомствоның жұма  күні   таратқан      хабарламасында,  «алдын ала мәліметтер  бойынша,    гидрожүйедегі  ақаудың салдарынан  ұшақ   апатты  жағдайда  қонуға  мәжбүр  болған».   Зардап шеккендер  жоқ.