АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жылда жолаушылар вагондарының тозуы 70 пайыздан 53 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін Астанада теміржол көлігін дамытуға арналған кеңесте ҚР ИДМ Көлік комитеті Теміржол көлігі басқармасының басшысы Нұрбек Қабижан мәлім етті.
«Жолаушылар тасымалы құрамының тозуы 70-тен 53 пайызға дейін төмендеді. Билеттерді электронды тәсілмен сату көлемі бес есеге өсті. Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалында қосымша 500 жаңа вагон сатып алынып, 10 жаңа жүрдек жолаушылар пойызы пайдалануға берілді», - деді Н. Қабижан.
Сонымен қатар ол қызмет сапасын қадағалау мақсатында жолаушыларға вокзалдар мен пойыздарда қызмет көрсетудің Ұлттық стандарты енгізілгенін атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.