Атап айтқанда, № 43/44 «Қостанай-Алматы-Қостанай» және № 307/308 «Астана-Жезқазған-Астана» құрамдары тексерілген болатын.
«Қостанай-Алматы-Қостанай» бағыты бойынша жүретін пойызда 23 билетсіз жолаушы тасымалданғаны анықталды. Нәтижесінде 4 вагон жолсерігіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұдан бөлек, жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережелері бұзылған. Сонымен бірге, жолаушылар вагонының пойыз электромеханикасы мен жабдықтарындағы өрт дабыл құралдарында ақаулар бары анықталды», - деп атап өтілген комитет мәліметінде.
Бұдан бөлек, «Астана-Жезқазған-Астана» жолаушылар пойызын тексеру кезінде 29 билетсіз жолаушы анықталған. Осыған байланысты пойыз басшысына айыппұл салынды. Бұдан бөлек, пойыз электромеханикасының өрт дабылы құралдарының ақаулары белгілі болды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның атап өтуінше, «Қостанай-Алматы-Қостанай» пойызы жеке тасымалдаушы «Түрксіб Астана» ЖШСға, ал «Астана-Жезқазған» құрамы «Марал Нұр» ЖШС-ға қарасты.
«Тексерулер нәтижесінде инспекторлар пойыздың жұмысшылары мен тасымалдаушыларына қатысты 12 әкімшілік іс қозғап, жалпы сомасы 228 475 теңге айыппұл салды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы көлікті бақылау инспекциялары жолаушылар пойыздарына 875 тексеру жүргізіп, 1194 билетсіз жолаушы, 1,9 тонна рәсімделмеген багаж анықталды. Нәтижесінде 472 әкімшілік іс қозғалып, 4,6 млн теңге айыппұл салынды.