Жиналысқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Тұран Экспресс Сервис» ЖШС, «Арлан Транс Астана» ЖШС, «Nоmadаs» ЖШС, «Марал Нұр» ЖШС, «Түрксіб Астана» ЖШС және «Сары-Арқа Компани» ЖШС сияқты бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты.
Көлікті бақылау комитетінің тексерісі нәтижесінде аталған уақыт мерзімінде, теміржол көлігін пайдалану ережелерін және тасымалдау қауіпсіздігі бойынша техникалық регламентті сақтамағаны үшін 72 т/ж жолаушыларды тасу вагондарын пайдалану тоқтатылды.
«Тексеріс, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеуден қабылдау сапасы бойынша проблемалар бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір вагондарда сумен жабдықтау құралында ақаулар бар екендігі, ауыз су қоймалары, электржылытқыш құралдар сынғаны анықталды», - дейді ҚР ККМ Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асабаев.
Сонымен қатар, белгіленген, 10 айлық мерзім бойынша, көлікті бақылау органдарымен 1271 билетсіз жүрген жолаушылар және 21,4 тонна құжатталмаған жүктер анықталған. Анықталған бұзушылықтарға сәйкес әкімшілік істер қозғалып, 5 млн.тг. айыппұл салынды.
Жиналыс нәтижесі бойынша, қысқы мерзімде тасымалдау ережесін сақтау, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және пойыздарда қызмет көрсету сапасын арттыру туралы бірқатар тапсырмалар берілді, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.