Айта кетейік, «Алматы-Атырау» бағытымен жолға шыққан пойыз вагонында дәлізде адамдардың ұйықтап жатқан фотолары интернетті шарлап кетті.
Фотодағы факт әлі тексерілмесе де, учаске бастығы атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті.
«Мұның алдында да осындай шағымдар болды. Сондықтан біз оны лауазымынан босатып, басқа жұмысқа орналастырдық. Енді ол учаске бастығы емес», - деді Н.Қилыбай.