Жолаушыларға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды - ІІМ

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 11 жыл бұрын Өскемен - Семей күре жолында атыс қаруын қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасап, 10 млн. теңгені алып кеткен қылмыскер елге экстрадицияланды.

 Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

44 жасар Қазақстан азаматы қарашаның 16-сы күні Ресей жерінен елге қайтарылды. Ол осыдан он бір жыл бұрын Өскемен - Семей күре жолында екі азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, 10 млн. теңге ақшаларын тартып алып кеткен болатын.