Оқиғаға куә болған азаматтардың бірі оны ұялы телефонға түсіріп алған, деп хабарлады Риа Новости агенттігі.
Төбелес Шығыс Еуропа елдерінен келген жолаушылардың шектен тыс дөрекілігінен туындаған. Олардың қай ұлттың өкілі екендері белгісіз. Экипаж мүшелері төбелескен азаматтарды ажыратып алған. Соған қарамастан экипаж командирі ұшақты жерге қондыру қажет деген шешім қабылдаған.
Осылайша, Италияның Пиза қаласына қонған ұшақтың экипаж мүшелері 4 бұзық жолаушыны түсіріп тастады.