Дафф Уотсон балаларымен бірге Southwest Airlines компаниясының әуе рейсімен Денверден Миннеаполиске ұшпақ болған. Жолаушы қызмет көрсеткен кезде артықшылық беретін "A-list" арнайы бағдарламасының қатысушысы болған.
Оның балалары басым қызмет көрсететін параққа енгізілмегеніне қарамастан, бұдан бұрын отбасында қолайсыз жағдай туындамаған. Алайда бұл жолы ұшаққа бұрын кіруге рұқсат бермеді. Уотсон өз твиттерінде өрескел қызмет көрсеткені үшін дереу шағымданды, ашуға булыққан ол әуе компаниясының атауын, қызметкердің аты-жөнін көрсетіп, «қызметкері дөрекі» деп айыптады.
Содан кейін Дафф балаларымен бортқа көтерілген сәтте оның аты-жөнін дауысты байланыспен атап, ұшақтан түсуін талап етті. Борт жолсерігі твитте жазылған жағдай туралы мәлімдеді. "Сіз хабарламаны өшіріңіз, болмаса полиция шақырамын", - деді ол.
Әуе компаниясы болған жағдай туралы ақпаратты растады және оған жеңілдік беріп, залалдың орнын елу доллармен толтыруға тырысты. Бірақ Дафф пен оның отбасы енді бұлардың қызметін пайдаланбайтын болып шешті.
«Мен өз қауіпсіздігімді қорғай аламын, тек балаларым мұндай жағдайға қалғанын қаламаймын», - деді ол.