Мамандар өңір тұрғындарына жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасының маңызы мен жануарлардың табиғи ортаға бейімделуі сондай-ақ оларды қорғау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау, оларға жақындамау және мазаламау қажеттігі түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары — экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және адам мен жабайы табиғат арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
Айта кетейік, бұған денйін де жолбарыстарды Қазақстан табиғатына қайта жерсіндіру бағдарламасы әзірленген кезде жақын маңдағы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылғаны хабарланған болатын. Осы мақсатта арнайы топ құрылып, жыртқыштардың қозғалысын тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.
Жолбарыстардың қозғалысын бақылау үшін аумақ шартты түрде бірнеше аймаққа бөлінген. Егер жыртқыш белгіленген жасыл аймақтан шығып, сары аймаққа өтсе, арнайы топқа және жақын маңдағы ауылға белгі беріледі.