Жолбарыстар саны соңғы бірнеше онжылдықта алғаш рет көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Дүниежүзілік жолбарыстарды қорғау қорының (GTF) ақпаратынша, қазір әлемде шамамен осы жыртқыштың саны 3,9 мың.

Алты жыл бұрын  700 жолбарысқа кем болған, деп хабарлады Би-би-си.

Жолбарыстар санының өсімі Ресей, Непал және Бутанда байқалды. Зооқорғаушылар 2020 жылға қарай бұл тағы аңды екі есе ұлғайту мүмкіндігі пайда болады деген үмітте.