«Жолбарыстың жағын айырып жатқан Самсон» танымал мүсіні жаңғыртуға жіберілмек

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - «Жолбарыстың жағын айырып жатқан Самсон» танымал мүсіні 1947 жылдан кейін алғашқы рет Петергофтың су бұрқақтарының Үлкен сарқырамасындағы тұғырынан түсіп, жаңғыртуға жөнелтіледі.

«Петергоф» мұражай-қорының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңғыртушылар 2011 жылдың сәуіріне дейін мүсіннің алтын жалатылымын жаңартып, қазіргі күні апатты жағдайда тұрған оның тұғырды күрделі жөндеуден өткізеді. Соңғы рет «Самсонның» тұғыры 1928 жылы жөндеуден өткізіліпті.

Жұмыстардың құны 14,6 миллион рубльден асып отыр. Мұражай тұғырды 2010 жылдың маусымы кезінде өздері тапқан қаржыға - бюджеттен тыс ақшаға жөндемек, ал мүсінді алтынмен аптау демеушілердің көмегімен жүзеге асырылмақ.