«Жолда қабылдау» шарасы Алматының 7 ауданында кең көлемде жүргізілді

АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «Жолда қабылдау» шарасы Алматы қаласының 7 ауданында жүргізілді. Оған 4 мыңдай азамат қатысты, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы.

Көптен бері Алматы қалалық ЖПБ «Жолда қабылдау» шарасын дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Ондағы мақсат мемлекеттік саясат пен Елбасы жолдауын халыққа түсіндіру, азаматтарға құқықтық, консультативтік көмек көрсету және оларды басқарманың басшылығы мен жетекші мамандарының қабылдауын жүзеге асыруды көздейді.

«Шараның бұрынғы тәжірибелері жоғары тиімділіктерін дәлелдеп берді. Соның арқасында, жолдағы қиын мәселелер мен қалалықтардың пікірін білуге және ең бастысы, тұрғындармен етене араласуға мүмкіндік туды. Әр уақытта біздер қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы жағдай жасауға тырысудамыз. Сондықтан, дәл қазір олардың барлық аймақтарда жүрген көліктерге барып қажетті кеңес алуларына болады. Бұл бұрынғы шаралардан негізгі ерекшелігіміз. Азаматтарды қабылдау сауда үйлері маңында, вокзал алаңдарында және ірі базарлар аумақтарында жүргізілді. Тұрғындарға жол қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат мәліметтері таратылды», -деді Алматы қалалық ІІД ЖПБ-ның бастығы Арман Сарыбасов.

Акцияға 35 жол полициясы қызметкері, «Нұр Отан» ХДП-ның 10 өкілі, 7 меморган қызметкері мен сонша жол полициясының штаттан тыс қызметкері және 5 ішкі істер органдарының ардагері қатысты.

Шара барысында Алматы ЖПБ инспекторлары мен қызметкерлеріне әр түрлі сұрақтар және өтініштерімен 3978 адам келді. Сонымен бірге, бір уақытта жол полициясы қызметкерлері азаматтардың заң мен конституциялық құқықтарын ақтауға қатысты анкеталық сұрақтар жүргізді. Оған 3225 адам қатысты.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың негізгі сұрақтары мен ұсыныстары жол белгілерін, соның ішінде «жолаушылар жолағы» мен бағдаршамдар орнату жайында болды. Оған қоса, алматылықтарды үдеріс орталығы мен әкімшілік тәжірибе жұмыстары қызықтыратыны анықталып отыр.

«Жолда қабылдаудың» алдыңғы кезеңінде ЖПБ өкілдеріне 2 мыңдай азамат келген болатын. Оның ішінде 500-іне барлық қажетті шаралар жасалды.

«Жолда қабылдау» шарасы ай сайын өтіп тұрады. Бұл кезең бір күн ішінде жүргізілді.