Жолда қалып қойған алыс сапарлы автобустың жолаушылары құтқарылды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше «Қазақавтожол» РМК мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолда тұрып қалған автобустың 35 жолаушысын құтқарды.

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ведомстволардың қызметкерлері «Шу-Благовещенка» күре жолының 19-ыншы шақырымында  жанар жағар майы қатып қалу салдарынан жолда қалып қойған «Алматы-Тараз» бағытындағы автобусты анықтап, ондағы жолаушыларды жақын жердегі Белбасар ауылының мектебіне жеткізді. Ведомстволар қызметкерлері кейіннен жолаушыларды автобуспен Таразға  жеткізіп салуға көмектесті.