Жолда өрескел қылық жасаған шымкенттік жастар енді жарты жыл көлік жүргізе алмайды

Шымкентте қарсы бағытқа шыққан жастар көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент көшелерінде орын алған «форсаж қойылымы» полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кортеж жасап жүрген жастар жол ортасына тоқтап, өзге көліктердің өтуіне кедергі келтірген.

Тіпті қарсы бағытқа шығып, авариялық қауіп тудырған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды тоқтатты.

Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жол ережесін бұзушылар 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.