Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1507
2011 жылғы 9 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жолдаманың үлгі нысаны;
2) Жолдаманы беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы №1507 қаулысымен бекітілген
Жолдама беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолдама беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 24-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) аңшылық шаруашылығы субъектiсi - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлға;
2) балық шаруашылығы субъектiсi - қызметiнiң негiзгі бағыты балық шаруашылығын жүргiзу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
3) жолдама - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат.
2. Жолдама беру тәртібі
3. Жолдаманы аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсi жеке тұлғаның өтiнiшi (ауызша немесе жазбаша) бойынша бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне бөлiнген квота шегiнде бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн берiледi.
4. Аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасы қолданылу мерзiмiне байланысты бiр жолғы және маусымдық болып бөлiнедi. Бiр жолғы жолдаманың қолданылу мерзімі күнтiзбелiк үш күннен аспайды, ал маусымдық жолдама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiнде белгiленген мерзiмдерге сәйкес аң аулаудың бүкiл мерзiмiне берiледi.
Маусымдық жолдаманы беру кезiнде тұяқты жануарлар мен аюды қоспағанда, аулануы жоспарланып отырған құстың саны кемінде бес дара болады.
Аңшылық шаруашылығы субъектiсi беретiн жолдама екi данада толтырылады. Жолдаманың бiрiншi данасы рұқсат етiлген жапсырмалармен (маркалармен) бiрге аңшыға берiледi, ал рұқсаттың (маркалардың) түбiртегi жапсырылған Жолдаманың екiншi данасы аңшылық шаруашылығы ұйымында қалып, үш жыл сақталады.
5. Балық шаруашылығы субъектiсi беретiн Жолдаманың қолданылу мерзiмiн балық шаруашылығы субъектiсi заңамада белгіленген балық аулау мерзiмдерi шегiнде анықтайды.
Балық шаруашылығы субъектiсiнің жолдамасы екi данада толтырылады. Толтырылған Жолдаманың бiр данасы жеке тұлғаға берiледi, ал Жолдаманың екiншi данасы балық шаруашылығы субъектiсiнде қалып, үш жыл сақталады.
6. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) квотаның болмауы немесе бөлiнген квотаны аңшылық шаруашылығы немесе балық шаруашылығы субъектiсiнің толық игеруi;
2) аңшы куәлiгiнiң болмауы (аң аулау үшін);
3) Заңмен белгіленген жануарлар дүниесін пайдалануға, Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын аулау орындары мен мерзiмдеріне шектеулер мен тыйымдар салынуы.
7. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беруден бас тартуы жеке тұлға өтiнiш берген кезде бас тарту себептерi мен негiздемесi белгiленiп, жазбаша түрде ресiмделедi.
8. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берiлген жолдамаларды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тiркеу жолымен есепке алады. Журнал нөмiрленеді, тігіледі және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы №1507 қаулысымен бекітілген
Үлгі нысан
(типовая форма)
Жолдаманың үлгi нысаны
(Типовая форма путевки)
Жолдаманың алдыңғы беті
(лицевая сторона путевки)
Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды
(действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства)
_______________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы, наименование субъекта охотничьего хозяйства)
ЖОЛДАМА № ____________________________________
(ПУТЕВКА) (тіркеу нөмірі, регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық _____________________
(разовая, сезонная)
Жолдама құны ________________________________ теңге
(стоимость путевки)
Аңшының Т.А.Ә. _____________________________________________________
(Ф.И.О. охотника)
Аңшының куәлігі № ______________________ Берілген күні ________________
(№ удостоверении охотника) (дата выдачи)
Аң аулау учаскесі нақты белгіленген аңшылық шаруашылығының атауы________________
(наименование охотничьего хозяйства, с указанием конкретного участка для охоты)
Қорықшыға жіберіледі _______________________________________________
(направляется к егерю) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)
Қолданылу мерзімі 20___ жылғы «___» _________ ден 20___ жылғы «______» дейін
(срок действия)
Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы _____________________________
(ответственное лицо, охотничьего хозяйства, выдавшее путевку)
___________________________________________________________________________________
Т.А.Ә., қолы (Ф.И.О., подпись)
Аңшылық шаруашылығының ішкі күн тәртібінің ережелерімен таныстым______________________
(с правилами внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен)
__________________________________________________________________________________
(аңшының қолы, подпись охотника)
М.О. Жолдама берілген күн 20___ жылғы «___»____________
(М.П. Дата выдачи путевки)
Жолдаманың артқы беті
(обратная сторона путевки)
Марканы желімдеуге арналған орын (немесе тұяқты жануарлардың түрі мен саны туралы белгі соғу)
(место для наклеивания марок или отметка о виде и количестве копытных животных) Нақты ауланғаны
(фактически добыто) Күні
(дата) Қорықшының немесе аңшының қолы
(подпись егеря или охотника)
Құстың түрі
(вид дичи) Саны
(количество)
Ескерту (примечание):
1. Марка аңшылық шаруашылығы ұйымының мөрімен (мөртабанымен) өшіріледі (марка гасится печатью (штампом) субъекта охотничьего хозяйства).
2. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде - аңшының өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии - самим охотником).
3. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады (передача путевки другому лицу запрещена).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 9 желтоқсандағы №1507 қаулысымен бекітілген
Үлгі нысан
(типовая форма)
Жолдаманың үлгi нысаны
(Типовая форма путевки)
Жолдаманың алдыңғы беті
(лицевая сторона путевки)
Балық шаруашылығы субъектісіне бекітілген балық шаруашылығы
су айдынында және (немесе) учаскесінде ғана жарамды
(действительно только на рыбохозяйственном водоеме и (или) участке,
закрепленном за субъектом рыбного хозяйства)
Балық шаруашылығы субъектісінің атауы ___________________________________________
(наименование субъекта рыбного хозяйства)
ЖОЛДАМА № _______________________________________
(ПУТЕВКА) (тіркеу нөмірі, регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық _________________________________________
(разовая, сезонная)
Жолдама құны ___________________________ теңге
(стоимость путевки)
Балықшының Т.А.Ә. _____________________________________________________
(Ф.И.О. рыболова)
Берілген күні _______________________________________________________
(дата выдачи)
Балық шаруашылығы субъектісінің атауы_______________________________________
(наименование субъекта рыбного хозяйства, с указанием водоема и (или) участка для рыболовства)
Балықтың және басқа да су жануарларының түрі, кг _________________________________
(вид рыб и других водных животных разрешенных к изъятию, кг)
Қолданылу мерзімі 20__ жылғы «___» _________ ден 20__ жылғы «___»дейін
(срок действия)
Жолдама берген балық шаруашылығы субъектісінің жауапты адамы _____________________
(ответственное лицо субъекта рыбного хозяйства, выдавшее путевку)
__________________________________________________________________
Т.А.Ә. қолы (Ф.И.О., подпись )
Ішкі күн тәртібінің ережелерімен таныстым жолдаманы алдым
(путевку получил с правилами внутреннего распорядка ознакомлен) ________________________________________________________________
Т.А.Ә. қолы (Ф.И.О., подпись)
М.О. Жолдама берілген күн 20__ жылғы «___» _______________
(М.П. Дата выдачи путевки)
Жолдаманың артқы беті
(Обратная сторона путевки)
Нақты ауланғаны
(фактически выловлено)
Күнi
(дата) Қорықшының немесе
жолдама рәсімдеген
тұлғаның қолы
(подпись егеря или
лица, на которого оформлена путевка)
Аулаған балықтың,
басқа су жануарларының
түрлерi
(выловленные виды рыб, других водных животных) Саны, кг
(количество, кг)
Ескерту (Примечание):
1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде - тұлғаның өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии - самим физическим лицом).
2. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады (передача путевки другому лицу запрещена).
Жолдама беру қағидаларына қосымша
Нысан
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы
__________________________________________________________
(аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
Р/с
№
Аңшының, балықшының тегi, аты-жөнi Аңшының, балықшының мекен-жайы Жолда-маның нөмiрi Құстың, жануарлардың, балықтың және басқа да су жануарларының түрлерi Аң аулау, балық аулау мерзiмдерi Жолдаманы алғаны туралы қолы
________________________________________________________________
(аңшылық және балық шаруашылығы субъектiсiнiң Т.А.Ә., қолы)