Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.
Орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:
1. Астана — Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
2. Астана — Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
3. Шымкент — Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
4. Шымкент — Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
5. Павлодар — Семей — Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ);
6. Орал — РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 км/сағ);
7. Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ).
— Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар, — делінген хабарламада.
Айта кетелік елде ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алатыны туралы жазған едік.