АСТАНА. KAZINFORM - 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол учаскесінде жалпы ұзындығы 7570 метр болатын бөлікті су басты, деп хабарлайды "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Сондай-ақ, Қостанай облысында "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 555-729 шақырымы (Тобыл қ. - СҚО шекарасы учаскесі) аралығын су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.