Жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа көшесі мен Бөгембай батыр даңғылының қиылыстарында жол қозғалысына шектеу қойылады

None
АСТАНА. Маусымның 22-і. ҚазАқпарат - Жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа көшесі мен Бөгембай батыр даңғылының қиылыстарында жол қозғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар, асфальт төсеуге байланысты Жеңіс даңғылынан Бөгенбай даңғылына шығу және кіру толықтай шектеледі.

Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарынан бастап Жангелдин көшесі арқылы, сондай-ақ, Әуезов пен Сейфуллин көшелерінің қиылыстарында қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды елордалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметі.

Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жолдан бастап әуежайға дейін тегістеу, асфальт қабатын салу жұмыстары да жалғасуда.

Бұрынғыша жылу желілерін төсеуге байланысты Сейфуллин көшелерінен Кубрин көшесіне дейін және Күмісбеков көшесінің бір бөлігі толықтай жабық тұр.