Жолдарды жөндеуге бөлінетін қаржыны арттыру ұсынысы жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолдарды жөндеуге бөлінген қаржы қажет сомадан екі есеге кем. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Автожолдарды жөндеуді және күтіп ұстауды толық қаржыландырмау мәселесіне назар аударғым келіп тұр. Осылайша, 2016 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға 41 млрд. теңге бөлінді, бұл қажет сомадан 2 еседен астам көрсеткішке кем (104 млрд. теңге). Автомобиль жолдарын қамтуға бөлінген қаражаттың жетіспеушілігі қызмет мерзімін 30 пайызға немесе 15-тен 10 жылға дейін қысқартады»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта министрлікпен автожолдарды жөндеу және жақсы жағдайда ұстауға қаржыландыруды ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізілді.