Жолдау: Парламент ғимаратына депутат-министрлермен бірге еңбек адамдары да жиналып жатыр
10:45, 01 Қыркүйек 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент ғимаратына Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, қоғам белсенділері мен еңбек адамдары жиналуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Біраздан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталып, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді.
Президент Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сонымен қатар ҚР Президенті баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.