Хазіретәлі Тұрсынның пікірінше, бұл құжат мұғалімдер үшін жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайды.
«Мұғалім мәртебесін арттыру - адам капиталын құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Ұстаздарға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуі - көңіл қуантады. Бұл тұрғыда мұғалімдер де озық технологияны меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отыруы қажет», - деді Құдайберген Тұрсын.
Тарих ғылымдарының докторы сонымен қатар Президенттің Жолдауда білім беру мекемелеріне қатысты нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс екендігіне тоқталғанын атап өтті.
«Елбасының қазіргі білім инфрақұрылымының базасында «Назарбаев Университет» үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажеттігін тапсырды. Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі - оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы екендігіне тоқталды. Себебі, нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Сондай-ақ, Президент жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін тілге тиек етті », - деді белгілі ғалым.