НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Президент Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сенатордың айтуынша, ең үлкен мәселелердің бірі- ауылдық мекендерді дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.
«Ауылдық елді мекендерді дамытпай, біз ауыл шаруашылығын дамыта алмаймыз. Себебі, сол ауылдық жерлерде, сол ауыл шаруашылығында, аграрлық секторда жұмыс жасайтын азаматтар тұрады, сол жерде өмір сүреді. Олардың өмір сүру стандарттары да, осы қаладағы өмір сүру стандарттарына тең болу керек», - деп атап өтті Әли Бектаев.
Авторы: Думан Арғынгелді
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.