Мұндай пікірді Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының депутаты, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Қазақстан Республикасы Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Инессе Клещук білдірді, дер хабарлады БР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Тәуелсіздіктің өткен 20 жылында құрған экономикалық іргетасы алдағы жаңғыруларға, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға, ғылымды дамытуға және инновацияларды енгізуге септігін тигізетініне сінімдімін», - деп атап өтті ол.
Оның пікірінше, Жолдауда айқындалған 10 бағыттың үлкен бөлігі азаматтардың қоғамдық игілігін қамтамасыз етуге арналғандығы аса маңызды.
«Нұрсұлтан Назарбаев дана саясаткер ретінде міндеттердің бірі етіп - Қазақстанның табыстарын одан әрі жалғастыруы тиіс жаңа білікті басқарушылық элитаны құруды қойып отыр. Біз қазақстандықтардың әлеуетіне шынайы сенеміз және алдыға қойып отырған мақсаттарға қол жеткізуде сәттілік тілейміз», - деді И. Клещук.