ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Елбасы жолдауында кәсіпкерлік саласын көркейту бағытында көптеген мәселелер қамтылғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын тындадық. Жылда Елбасы кәсіпкерлікке аса мән беріп келеді. Ал бұл жолы айтылған «Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылғандығы кәсіпкерлерге ерекше серпін береді деп ойлаймын. Жолдауда айтылған кәсіпкерлер тарапынан төленетін салықтардың өсіміне рақымшылық жасалуы кәсіпкерлікті қолдаудың бір нышаны. Сонымен бірге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жергілікті тауар өнімдерін қолдануымыз қажет екендігін айтып өтті. Бұл кәсіпкерлердің жұмысын арттыра түсетіндігін білдіреді», - деді Ғ.Жақсылықов.
Оның айтуынша, халықты жалақының 29 мыңнан 42 мыңға жоғарылайтындығы қуантып отыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.