Жолдауда мектептер салуға, жолдарды жөндеуге зор мән берілген
Егемен еліміздің өсуі мен өркендеуі жолында Елбасының жыл сайынға халыққа арналған Жолдауының мәні мен мақсаты зор. Шындығында, биылғы Елбасы баяндамасының өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Өзге Жолдаулардан ерекшелігі де сонда - қазақ елінің жолдарының салынуына ерекше көңіл бөлінуі болып отыр.
Мен Президент Жолдауын тыңдай отырып, Қазақ елінің болашағына деген үлкен әсер алдым. Расында, бүгінгі күні бүкіл әлем дағдарыстан арылмай тұр. Жаһанды шарпыған әлемдік экономикалық дағдарыстан шығудың жолын табу мен айқындау Елбасымыздың тағы бір көрегендігін байқатса керек. Жолдауда мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд., жолдар салуға 70 млрд. теңге бөлінетінінің өзі халыққа жасалып отырған үлкен жағдай. Жол - өмірдің байланысы мен тамыры. Осы жолдарды салу барысында 200 мыңдай жұмыс орны ашылып, қаншама адам жұмыспен қамтылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев: - Сайын даламыздың арасына жол салсақ, экономика өркендейді. Мысалы, Еуропа Ұлы Отан соғысынан кейін инфрақұрылымды дұрыстаудан бастады. Испания, Германия сияқты мемлекеттердің дамуы жол салудан басталған. Сондықтан Астананы Оңтүстікпен, Шығыс, Батыс, Солтүстікпен байланыстыру үшін жол саламыз, - деді өз сөзінде. Тіпті «Нұрлы жолдың» аясында шетелден терминалдар салу жоспарланып отыр. Ал осындай ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 500 млрд. теңге бөлінбек. Сонымен қатар мұнайдан түскен табыс сақталған Ұлттық қордан алдағы 3 жылда бюджетке 3 млрд. доллардан бөлінбекші. Салынатын жолдар да, ғимараттар да, жастарға арналған қолжетімді бағадағы баспана да, білім ошақтары, т.б. болсын мұның бәрі Елбасы Жолдауындағы айтқан Мәңгілік Елдің іргесінің мықтылығы мен болашақ ұрпақтың бақыты үшін бүгінгі елдің жасап жатқан еңбегі.