Жолдауда тіл мәселесі назардан тыс қалған жоқ - Смағұл Елубай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай Президент Жолдауындағы қазақ тілінің дамуы жайлы мәселелерге байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің биылғы Жолдауы менің көңілімнен шықты. Себебі, қазақ тілімізге қатысты үш маңызды мәлімдеме жасады.

Біріншіден, Президент «Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі»,- деді. Екіншіден,«Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді»,- деді. Үшіншіден, «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс»,- деді.

Міне, Президенттің осы үш мәлімдемесі қазақ тілінің даму болашағы жайлы біздің үмітімізге үміт жалғады»,- деді Смағұл Елубай.