Жолдаудағы адам капиталы мәселесі ерекше ойландырады - Божбанбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жолдаудағы адам капиталына қатысты мәселесі ерекше көңіл аудартып отыр, деді Алматы экономика және статистика академиясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының директоры Бауыржан Божбанбаев бүгін Елбасы жолдауын талқылауға қатысты ұйымдастырылған конференция барысында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

«Алматы экономика және статистика академиясы жанынан 2016 жылы желтоқсан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы құрылды. Бүгін осы орталықтың ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауын талқыладық. Жолдаудағы адам капиталы мәселесін көп көңіл талқыладық. Биыл кәсіптік техникалық білім жаңғырмақ. Біз, білім ордасы болғандықтан болашақ мамандардың кәсіби шебер ғана емес, отаншыл азамат болып қалыптасуына да күш саламыз», - деді Бауыржан Божбанбаев.

Айта кетейік, бүгін Алматы экономика және статистика академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты конференция өтті.