"Өз елімнің болашағына бейқам қарамайтын адам ретінде биылғы Жолдауды зер сала тыңдадым. Онда Елбасы батыл қадамдардың кезі келгенін айтып, атқарылатын жұмыстарды, нақтылы міндеттерді айқындап берді", -дейді Мейрамбек Қиықов.
Бірлестік төрағасы атап өткендей Жолдауда ең алдымен «Нұрлы жер», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары арқылы халықты баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселе көтерілді. Бұл әрине пәтер жалдап жүрген жас отбасылар үшін қуантарлық жайт. Оған қоса, келер жылы «Жастар жылы» деп белгіленуі тіптен жақсы.
"Осындай қиын кезеңде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен бастама ел жастарын жігерлендіретіні анық. Біз қариялар Мемлекет басшысын әрқашанда қолдаймыз. Еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға ынталымыз. Қазақ елі көптеген қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіріп, экономикасын жоғары деңгейге көтерді. Ендігі мақсат ел экономикасын одан әрі нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға жəне жастардың аяғынан нық тыруына қол жеткізу. Бұған жететіндігімізге сенім мол", - деп толықтырды Мейрамбек Қиықов.