Жолдаудағы міндеттер уақтылы жарияланды - Германия Бундестагының депутаты Г.Цертик

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолдаудың мазмұны мені қуантты. Меніңше ондағы жазылған міндеттер дұрыс әрі уақтылы жарияланды, деген пікір білдірді Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты Г.Цертик.

«ҚР Президенті елді дамытуға талпынуда. Ұлттық қордағы ақша көлемін есепке ала отырып, құжатта көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге жетуге болады. Қазақстан халқы мен Үкіметінің осы тапсырмаларды сәтті жүзеге асыруын тілеймін»,-дейді Г.Цертик.