«Жолдауда халықты жұмысқа орналастыру, шағын қалалардың жағдайын көтеру, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Халықты жұмысқа орналастыру мәселесіне келетін болсақ, ол бізге де жақын тақырып. Өйткені, біз ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаймыз. Жыл сайын ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 250-300 адамды ауылға жібереміз. Алайда, олардың дені ауылға барғанда жұмыссыз жүреді. Президент бұл түйіткілді шешу үшін 1 тамызға дейін арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Жолдаудың арқасында бұл мәселе шешімін тапса, үлкен жетістік болар еді. Сондықтан да біз бұл Жолдауға үлкен сенім артамыз», - деп атап өтті А.Әбдіров.
«Алда біздің мемлекетті дамытатын үлкен бағдарламалар тұр. Осы Жолдаудың тағы бір үлкен мақсаты - экономикамыз бен мемлекетті алда күтіліп отырған дағдарысқа дайындап, содан аман-есен өту. Елбасы өз Жолдауында ел үшін әрбір адамның маңыздылығын атап өтті», - деп түйіндеді пікірін проректор.