Мәселен, бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бір мыңға жуық студент-жастарының қатысуымен салтанатты жиын ұйымдастырылды. Онда Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауы жүктеген негізгі міндеттер, оның ішінде білім-ғылым саласын дамытудың басты бағыттары туралы кеңінен айтылды.
Ал ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблі арнайы концерт қойып, жастарды ел үшін отаншылдық рухта, адалдық пен әділдік қағидаттары бойынша қызмет етуге үндеді.
«Бүгін біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жан-жақты насихаттау жұмысын бастап отырмыз. Еуразия Ұлттық университетінде басталып отырған бұл ақпараттық-насихат тобының жұмысы барлық республикаға таралатын болады», - деп атап көрсетті ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Мұхаметқали Сатов.