Айта кетейік, бүгін Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады .
Кездесу барысында Асқар Мамин Қазақстан Президентінің Жолдауындағы барлық бағытты жүзеге асыру үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Мемлекет басшысына бекітуге енгізілетінін жеткізді.
Аталған жоспар экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды, денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру сапасының тиімділігін арттыруды және аймақтық саясатты жетілдіруді қамтиды.
Кездесу барысында елдегі эпидемиологиялық ахуал мен ел экономикасының даму үдерісіне қатысты өзге де бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.