«Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жағдайында экономиканың өсу қарқынын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру туралы нақты міндеттер қойды. Ол үшін мемлекет нақты қадамдар жасауда. Ең төменгі еңбекақы мөлшері артттырылмақ, кітапханашылар мен мұрағат қызметкерлерінің айлығы көтерілетін болды. Бұл мәселе соңғы 20 жылда шешілмеген еді. Жолдауда көрініс тапқан әлеуметтік блок бастамалары шамамен 2 млн халықтың тіршілігіне әсер етеді. Ендігі басты міндет – экономикалық өсу қарқынын сақтау», - деді ол Ұлттық кеңестің сараптамалық талқылауында.
Мәжіліс депутаты экономикалық өсім санда ғана емес, сапада да көрініс табуы керектігін айтады.
«Бірақ экономикалық өсім де сапалы болуы тиіс. Ол үшін заңнамалық негіздер әзірлеу қажет. Қазір Парламентте өнеркәсіптік саясат туралы заң пысықталуда, оның ішінде әлеуметтік кодекс әзірленіп жатыр. Біз бұл мәселелердің бәрі заң жобаларының қатарына енуі үшін барлығын жасаймыз. Президент Жолдауда айтқан дүниелердің бәрі нақты міндеттермен, тапсырмалармен бекітіліп отырды. Депутаттардың бір ғана міндеті бар – бұл Президенттің бастамаларын заңнамалық тұрғыда сапалы ресімдеу», - деді депутат.
Оның айтуына қарағанда, Жолдау аясында агломерация туралы заң әзірлеу қажет болады.
«Бұл жаңа бағыт, бізге келіп түсетін барлық заң жобалары халықтың арман-тілектерін көрсетіп, сарапшылық қоғамдастықпен барынша талқылануы тиіс. Шұғыл заң жобалары осы жылдың соңына қарай әзірленуге тиіс. Ал стратегиялық маңызы бар заң жобалары алдымен Үкіметтің таразыланып, содан кейін Мәжіліске түседі. Ал шұғыл қабылданатын заң жобаларына ең төменгі еңбекақы көлемін көетру, кітапханашылардың, мұрағатшылардың жалақысын арттыру сияқты шараларды іске асыруға бағытталады», - деді Ерлан Саиров.