«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында өзінің Қазақстан халқына үшінші Жолдауын жариялады. Жолдауда әдеттегідей біраз мәселе көтерілді. Дегенмен, ерекше ұнағаны – Президенттің еліміздегі ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарастыру тапсырмасы. Өйткені, ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері көтерілмеген еді. Сонымен, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл, Президент айтқандай, әлеумет мемлекет үшін өте маңызды қадам. Сонда ең төменгі жалақы мөлшері неге маңызды? Ең бастысы, жұмыс берушілер заң бойынша одан төмен жалақы белгілей алмайды. Яғни, бірқатар адамдардың айлығы артады деген сөз», - деді ол.
14:28, 01 Қыркүйек 2021
Жолдауға сәйкес бірқатар адамның айлығы артады - Жасұлан Мәуленұлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолдауда ерекше ұнағаны – Президенттің еліміздегі ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарастыру тапсырмасы. Бұл туралы «Qazaq» газетінің бас редакторы Жасұлан Мәуленұлы желідегі парақшасында жазды.