Жолполдықтар халықпен интерактивті байланыс орнатпақ

None
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - ІІМ Жол полициясы комитетінің кіші порталының «Сұрақ-жауап» бөлімінде «Мектеп жол инспекторы» атты жаңа айдар ашылды, деп хабарлайды  Қазақстан Республикасы  ІІМ Жол полициясы комитеті.

 Хабарламада келтірілген мәліметтер бойынша, ол балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында құрылған.

Жаңа оқу жылының басында жол полициясы бөліністері жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін мекемелерге жақын орналасқан аумақтағы жаяу жүргіншілер өтпелерінің қажетті жол белгілерімен, жол таңбаларымен, жаяулар жолының қоршауларымен және жол қозғалысын реттейтін басқа да техникалық құралдармен жарақталуы мәніне 4 885 тексеру  жүргізді. Тексерістер нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 785 ұйғарым берілді.

Балаларға білім беру мекемелерінің жанындағы 1,75 мыңнан астам жол белгілері ауыстырылды немесе жаңадан  орнатылды, 363 жаяу жүргіншілер өтпелері жарақталды, 22,5 мың метр тротуарлар салынды, 14, 8 мың метр жасанды жарықтандыру құрылды.

Жол полициясы комитеті осы мәселелерді қозғай келе халықпен тікелей байланыс орнатқысы келетінін айтады. «Сонымен қатар, Жол полициясы комитеті педагогтарға, оқушыларға, олардың ата-аналарына, жалпы балалардың жол-көлік жарақаттануы мәселесі алаңдататын  басқа да азаматтарға хабарлайды: егер балалар білім беру ұйымдарының (мектептер, бала бақшалары, қосымша білім беру мекемелері) маңындағы жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша Сіздің шағымыңыз, ескертулерінің, ұсыныстарыңыз бар болса; Жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтарды оқыту сапасына немесе сабақтар  жүргізілмеуіне, балалар жол қауіпсіздігі жөніндегі басқа «мектептік» мәселе бойынша  шағымыңыз болса өз өтініштеріңізді ІІМ Жол полиициясы комитетінің кіші подпорталында «Сұрақ-жауап» бөлімінде «Мектеп жол инспекторы» атты арнайы айдарға (кіші портал ІІМ  mvd.gov.kz порталында) жібере аласыздар», - делінген хабарламада.  

«Сіздердің өтініштеріңіз міндетті түрде қаралатын болады және тиісті шаралар қабылданады»,-дейді жолполдықтар.