Жолсеріктердің резонансты қылмысы жүйедегі проблеманы сыртқа шығарды – Мұрат Әбенов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теміржол саласындағы проблема билет тапшылығымен шектелмейді. Қоғам қайраткері, арнайы мониторинг тобының мүшесі Мұрат Әбенов автомобиль жолдары мен көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған кеңесте осылай деп мәлім етті.

Мұрат Әбенов ел арасында жол сапасы мен «Сергек» жүйесініңжұмысына қатысты көптеген шағым бар екенін айта келе, теміржол саласындақордаланған мәселелерге тоқталды.

«Билет тапшылығымен теміржол саласындағы проблемаларшектелмейді. Жолсеріктердің адам зорлау бойынша сотталуы салада жүйеліпроблемалар бар екенін көрсетіп отыр. Кешегі резонансты оқиғадан кейін бұрын даондай қылмыстар ашылмай қалғаншығар деген күдік туады. Бұл оқиға жолсерік жұмыс орнында ішімдік ішіп, кімдіқай жерге отырғызғысы келсе өзі біледі деген ой қалыптастырады», - деген қоғамбелсендісі билет саудасына қатысты алыпсатарлықтың алдын алуда көрші елдердіңқандай шараларға барғанын мысалға келтірді.

«Мысалы Өзбекстанда перронға билеті бар жолаушыдан басқаадамдарды өткізбейді. Осы сияқты қарапайым тәсілдерді бізге қолдану керек.Билет саудасын бақылау жолаушылардың қауіпсіздігімен тікелей байланысты», -деді ол.

Сондай-ақ, Мұрат Әбенов билетті алып сатумен айналысатынадамдарды құқық қорғау органдарының нақты жауапқа тарта алмай отырғанын сынғаалды. Прокуратура өкілдерінің билет алып сатқыштарды жолаушылардың мазасыналғаны үшін ғана жауапқа тарта алатыны мені таңғалдырды. Прокуратура бұлайқауқарсыздық танытса, қалған органдар туралы айтудың өзі артық шығар.Барлығының айтатыны бір уәж – билетті сатып алушының заң бұзғанын дәлелдеумүмкін емес. Президенттің өзі бұл мәселені қатаң тапсырып отыр. Сондықтанзаңнамалық негізде мәселенің түйінін табу қажет», - деді қоғам қайраткері.

Соңғы жаңалықтар