Жолымбет кен орнында үйіндінің астында қалған темір ұстасын құтқару жұмыстары жалғасуда

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданындағы «Қазақалтын ГМК» қарасты АҚ Жолымбет кен орнында болған апаттан үйінді астында қалған темір ұстасын құтқару жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылар тау үйіндісін тазалау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен адамға өту жолдарын жақтаулар мен тіреуіштер арқылы жасауда.

Апатты жоюға Жолымбет әскери тауда құтқару взводының 38 адамы мен ҚР ТЖМ Қарағанды қаласындағы «Көмір» РМҚК әскери апаттық құтқару қызметінің 16 адамы жұмылдырылды.