деп хабарлайды РИА «Новости» агенттігі.
«Лотереяда ұтқан адамдардың бастарына бақытсыздықтар төгілетіні туралы көп оқиғаны естігенмін. Содан қорқып, барлық олжамды көшедегі қайыршыға беру туралы шешім қабылдадым», деді 46 жастағы нигериялық әйел жергілікті телеарналарға берген сұхбатында.
Британдық Ananova порталының ақпараты бойынша, Обиакор ханым ұтып алған чегін дереу ақшаға айналдырып, көшеге шыққан да, жолдың жиегінде 2 жасар баласымен отырған қайыршыға берген.
Ақша толы дорбаны көрген қайыршы әйел қуанғаннан айқайлап жіберген және жомарт Обиакор ханымға бұл қаражатқа азық-түлік дүкенін ашуға уәде еткен.