ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының түлектері Алтай мен Асқар Беркалиевтер өздері оқыған Чапаев №1 орта мектебіне «ДЭУ-Нексия» автокөлігін сыйға тартты.
Алтай қазір Алматыда, Асқар Ақсай қаласында тұрады. Екеуі де - кәсіпкер. Ұлдарының атажұртына, алтын ұя мектебіне деген риясыз көңілдерін ата-аналары, еңбек ардагерлері, Сағат пен Тұрсын бірден қостаған. Бұрын ауданда партия, кеңес қызметтерінде істеген Сағат пен ардагер ұстаз Тұрсын ана бүгінде Алматыда тұрады.
Аталған мектепте бұрын түрлі себеппен автомобиль ісіне оқыту жабылып қалған-ды. Соны қайта ашу жоспарланып отырған кезде түлектердің осынау сыйлығы нұр үстіне нұр болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).