Жөндеу жұмыстарына байланысты Шалкөлде көшесінің бір бөлігі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шалкөлде көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. Бұл туралы  елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. 

Фото: «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК СҚО филиалы

Осыған байланысты 9-14 шілде күндері Шарбақты көшесінен Бакен Серікбаев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.