Кенесары көшесінің Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі. Қозғалыс 21 мамыр күні қайта жанданады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ сенбі күні сағат 22.00-ден бастап 1 шілдеге дейін Ақан сері көшесінің Тілендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскесінде автокөлік жолы жабылады. Осы бөлікте Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақан сері көшесінің құрылысы жобасының негізгі кезеңін жүзеге асыруға кіріседі.
Жол қозғалысын шектеу кең көлемді инженерлік желілерді орнату жұмыстарымен байланысты.
Ақан сері көшесі бойымен қалалық қоғамдық көлік қозғалысы келесі бағытта өзгереді:
- №16 бағыт - Н. Тілендиев даңғылы - Қарталы көшесі - Талапкер көшесі -Карбышев көшесі, одан әрі қазіргі қозғалыс кестесіне сай. Кері бағытта қазіргі қозғалыс кестесі бойынша.
- №103 бағыт - Н. Тілендиев даңғылы - Ш.Бейсекова көшесі - Фахд бен Абдулл Азиз көшесі - К.Байсейітова көшесі, одан әрі қазіргі қозғалыс кестесіне сай. Кері бағытта осы кесте бойынша.
Астана қаласының Жол полициясы басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарына алдын ала басқа қозғалыс бағытын таңдап, мұқият болуға, сондай-ақ жол белгілерін қатаң сақтап, жол полициясы қызметкерлерінің талаптарын орындауға шақырады.