Жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгерді - ҚТЖ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №10 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызының жүру уақыты мен күні 3 рейске - 2016 жылғы 25 тамыздағы 22 сағат 15 минуттан 2016 жылғы 26 тамызда 04 сағат 30 минутқа, 2016 жылғы 27 тамыздағы 22 сағат 15 минуттан 2016 жылғы 28 тамыздағы 03 сағат 25 минутқа және 2016 жылғы 29 тамыздағы 22 сағат 15 минуттан 2016 жылғы 30 тамыздағы 00 сағат 50 минутқа ауысады.
Сондай-ақ, №9 «Алматы-Астана» пойызының жүру уақыты мен күні 2 рейске - 2016 жылғы 26 тамыздағы 20 сағат 46 минуттан 2016 жылғы 27 тамыздағы 03 сағат 03 минутқа, 2016 жылғы 28 тамыздағы 20 сағат 46 минуттан 2016 жылғы 29 тамыздағы 00 сағат 56 минутқа ауысады.
№33 «Алматы-Ақтөбе» пойызының жүру уақыты мен күні 1 рейске - 2016 жылғы 26 тамыздағы 20 сағат 18 минуттан 2016 жылғы 27 тамыздағы 02 сағат 28 минутқа ауысады.
№34 «Ақтөбе-Алматы» пойызының жүру күні мен уақыты 1 рейске 2016 жылғы 28 тамыздағы 21 сағат 52 минуттан 2016 жылғы 29 тамыздағы 00 сағат 04 минутқа ауысады.
Бұдан басқа, Ақтөбеден шыққан №34 «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы жолда Арыс стансасынан Шу стансасына дейін тұру уақытының нормасы ұлғайтылды, ол 8 сағатты құрайды.
Толық ақпаратты алу үшін темір жол вокзалдарының анықтама бюросына немесе бірыңғай анықтама қызметі 105 нөміріне қоңаыру шалуға болады.