Жөндеу жұмыстарына орай Астананың кей көшелерінде жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астана қаласында Қарасай батыр көшесінің Қарталы көшесі мен Жеңіс даңғылы аралығындағы аумағында көлік қозғалысы шектелді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Көлік қозғалысы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде қалпына келтіріледі деп күтілуде, деп хабарлайды astana.kz . Сонымен қатар бүгін кешке жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Төлебаев көшесінің Қобыз және Қобда көшелері аумағында көлік қозғалысы шектелді. Одан өзге, Алаш тас жолынан бастап Жаңажол көшесіне дейін оң бағыттағы жол жабылады. Жол жөндеу жұмыстары кезінде аталмыш көшелерде жүргізушілер үшін арнайы белгілер орнатылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізушілерге осы хабарламаны ескеріп, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.