Мәселен, қайта жөндеу жұмыстарына байланысты Қорғалжын тас жолының Тұран даңғылынан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы жартылай шектелді.
Сондай-ақ, осындай жұмыстарға байланысты Потанин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі Мәскеу көшесі толығымен жабылды.
Бұдан бөлек, Абылайхан даңғылынан Мирзоян көшесіне дейінгі Қажымұқан көшесінде (Мұңайтпасов көшесі) көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.
Астана қаласының Жол полициясы автокөлік иелеріне жүру бағыттарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.