Бұл жанар маймен байланысты елімізде қалыптасып отырған мәселені қазан айында шешуге бағытталған шара»,-деді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумында айтты.
Басқарма төрағасының сөзінше, жақында жөндеу жұмыстарынан кейін Павлодар мұнай зауыты іске қосылды. «Аталмыш зауыт осы айдың соңына дейін 450-470 мың мұнай өндіреді. Меніңше осы зауыттың көмегімен біз жанар май мәселесін жыл соңына дейін шешеміз деген ойдамын»,-деді Қ.Қабылдин.